Сонлай-ақ партия төрағасы АҚШ елшілігің саяси хатшысымен кездесті
Бүгін «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев пен Парламент Мәжілісі депутаттығынан үміткер Дания Еспаева Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің шақыруымен Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Свен-Олов Карлссонмен кездесті.
Свен-Олов Карлссон партия жетекшілерін Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің ғимаратында қабылдады. Тараптар «Ақ жол» партиясының сайлауалды компаниясы барысындағы қызметі, сайлау барысын бақылау және жалпылай алғанда «Ақ жол» партиясы мен Еуропалық Одақтың Қазақсандағы өкілдігі арасындағы әріптестік мәселелерін талқылады.
Еуропалық Одақ - Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі сенімді серіктесі. Тараптар екіжақты әріптестікті нығайтып келеді. Әріптестіктің алғашқы жылдарында екіжақты қарым-қатынас сауда және және инвнестиция тарту бағытында өрбісе, 2002 бастап тараптар әріптестік аясын одан әрі кеңейте түсті. Бүгінде Еуропалық Одақ энергетика саласымен қоса, заңның үстемдігі, әділетті қоғам құру, құқықтық тәртіп, және саяси плюрализм мәселелерінде Қазақстанмен кеңесіп отырады. Кездесу барысында «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев Еуропалық Одақтың елшісін партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды, партияны қолдау жөніндегі және сайлау барысын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, бүгін «Ақ жол» партиясының штабында партия төрағасы және Мәжіліс депутаттығына кандидат Азат Перуашев АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің саяси мәселелер жөніндегі хатшысы Брайан Смитпен кездесті. Кездесуде партия кандидаттарының аймақтардағы сайлауалды насихат жұмыстарына қатысуы, партияның жергілікті өкілдіктерінің жағдайы, партиялық тізімде әйелдер мен жастарға отыз пайыздық квота беру жөніндегі cайлау туралы заңдарға өзгерістер енгізу туралы айтылды.