Елімізде 2020 жылдың 10 қаңтарында Мәжіліс пен мәслихаттардың сайлауы өтеді
30 желтоқсанда сайлау алдындағы саяси партиялардың телевизиялық пікірсайысы «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде өтеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев айтты.
Дебат «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде өтеді. Регламент бекітілді, ол бойынша барлық партияларға бірдей уақыт беріледі. Регламент бойынша телеарнадағы пікірталасқа 80 минут берілген.
Орталық сайлау комиссиясының «Хабар» агенттігінде телевизиялық пікірсайыстар өткізу туралы қаулысы қабылданды, пікірсайыстар өткізу регламенті келісілді, сондай-ақ кандидатуралары саяси партиялармен айқындалған телевизиялық пікірсайыстарға қатысушылардың келесі құрамы бекітілді: