«Jastar Voices» кешінде тұрғындар домбыра, қобыз, сарсыр және жетіген күйлерін тыңдады
Бүгін Семей жастары домбыра мен қобыз, сарсыр және жетіген күйлерін сүйсіне тыңдады. «Jastar Voices» ұлттық музыка кешінің өтуіне «Jas Otan» ЖҚ белсенділері мұрындық болды. «КазГЮИУ» акт залында жергілікті таланттар, музыка мектептері мен колледждерінің оқушылары, студенттері және қазақ музыкасының мұрасына бей-жай қарамайтындар жиналды.
Концерт аясында қатысушылар тыңдармандарға Құрманғазы, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова және басқа да танымал қазақ композиторларының этюдтері мен туындыларын тарту етті. Сонымен қатар, халық жанрының әншілері тыңдармандарға халық әндері мен сүйікті композиторлардың композицияларын паш етті.
«Jas Otan» ЖҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі Айтмұқаш Алмас атап өткендей, іс-шара жастар мен қала тұрғындары арасында үлкен қызығушылық тудырды.
«Бүгінгі іс-шара Қазақ ұлттық мәдениетін құрметтеудің және оны жастар арасында танымал етудің белгісі. Елбасы айтқандай, ұлттық код арқылы біз әлемге қызықты болып, бәсекеге қабілетті боламыз», - деді Айтмұқаш Алмас.
Айта кету керек, аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты іс-шара маска режимі мен әлеуметтік қашықтық нормаларына сәйкес өтті.