Филиалдар, сенім білдірілген адамдар мен бақылаушыларға арналған шарада қолданыстағы заң нормалары сөз болды
«Ақ жол» партиясының республикалық сайлауалды штабы филиалдар, сенім білдірілген адамдар мен бақылаушыларға арналған онлайн шара өткізді. Бұл туралы Қазақстан «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі хабарлады.
«Ақ жол» партиясының республикалық сайлауалды штабы филиалдар, сенім білдірілген адамдар мен бақылаушыларға арналған онлайн шара өткізді. Шара барысында партияның заң қызметінің директоры Рүстем Жұмаділов қолданыстағы заңнама нормалары туралы айтып берді.
Шараға қатысушылар сонымен бірге, сенім білдірілген тұлғаларды/бақылаушыларды тіркеу тәртібі туралы, сенім білдірілген тұлғаға қойылатын негізгі талаптар туралы ақпарат алды. Сенім білдірілген тұлға Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс және сайлау комиссиясының мүшесі немесе саяси мемлекеттік қызметші бола алмайды.
«Штаб заңгерлері сенімді тұлғалардың бақылаушылар сияқты құқықтары мен міндеттері бар екенін еске салды», - делінген хабарламада.
Республикалық сайлауалды штабтың заңгерлері өңірлердегі партия мүшелерін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырды.