Ол Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Бүгін, 25 қараша күні Ақордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовті салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов мемлекеттік сапармен келді.
Ақорданың мәліметінше, сапар аясында тараптар жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды.