Иманғали Тасмағамбетов маңызды лауазымынан кететін болды

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы ҰҚШҰ ресми сайтында хабарланған

Фото: odkb-csto.org/

2025 жылдың 27 қарашасы күні Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының отырысы өтеді. Қырғыз тарапының төрағалығымен өтетін отырыста ұйымның жаңа Бас хатшысы сайланады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұйымның ресми сайтында хабарланғандай, 27 қараша күнгі отырыста бірлескен жұмыс, заңсыз есірткі мен заңсыз көші-қонға қатысты мәселелерді талқылайды.

Бұдан өзге Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының алдағы үш жылғы (2026 жылдан бастап 2029 жылға дейін) Бас хатшысын сайлайды.

Айта кетейік, қазір бұл ұйымның бас хатшысы лауазымын Иманғали Тасмағамбетов атқарып отыр.