Тоқаев пен Трамп келіссөз жүргізді

Автор: Алмас Ерсін

Кездесудің егжей-тегжейлі ақпараты сәл кейінірек жарияланады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ президенті Дональд Трамп келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

«Кездесудің егжей-тегжейлі ақпараты сәл кейінірек жарияланады», - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, Тоқаев Ақ үйге барған болатын. Президенттің баспасөз қызметі оқиға орнында түсірілген видеоны жариялады.

Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысады.  

Бұған дейін Президент АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен және Дональд Трамп Әкімшілігінің басқа да өкілдерімен кездесті.