Тоқаев Ақ үйге барды

Автор: Алмас Ерсін

Президент «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақ үйге барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің баспасөз қызметі оқиға орнында түсірілген видеоны жариялады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға сапармен барды. Қазақстан президентін АҚШ мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды.

Мемлекет басшысы президент Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысады.  

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен және Дональд Трамп Әкімшілігінің басқа да өкілдерімен кездесті.