Рейс аптасына екі рет ұшады
SCAT компаниясы Қазақстан мен Сербия астаналары арасында тікелей рейс ашты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Астана-Белград-Астана рейсі аптасына екі рет ұшады. Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, бұл рейс сұранысқа ие. Өйткені, қазірді өзінде 92 адам осы рейске билет алған екен.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербияға сапары кезінде екі ел астаналары арасында тікелей рейс ашу туралы келісімге қол жеткен болатын. Жаңа бағыт екі ел арасындағы бизнес, туризм және мәдени ынтымақтастық үшін жаңа жол ашады», – деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, қазақстандықтарға Сербияға визасыз ұшып бара алады.