Тоқаев Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Автор: Дәулет Ботагөз

Президент оны Революция күнімен құттықтады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біз еліңізді араб әлеміндегі және Солтүстік Африкадағы сенімді серіктестеріміздің бірі ретінде қарастырамыз. Қазақстан мен Алжир арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас халықтарымыздың игілігі жолында ұдайы дами беретініне кәміл сенемін», – делінген құттықтау жеделхатында.

Айта кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен кездесу өткізген еді.