Тоқаев телефон арқылы Лукашенкомен сөйлесті

Автор: Бақыт Шынар

Тараптар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты

Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда жазғандай, тараптар қазақ-беларусь қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Сондай-ақ саяси диалог жоғары деңгейде және сауда-экономикалық, гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтті.

«Қазақстан Президенті Минскіде өтіп жатқан Еуразиялық қауіпсіздік жөніндегі конференцияның маңызына тоқталды», - деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшылары алдағы бірлескен іс-шаралар аясындағы тығыз ықпалдастықты жалғастыруға уағдаласты.