Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Автор: Дәулет Ботагөз

Олар мемлекеттік сапарға дайындық мәселесін талқылады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Әңгімелесу барысында Қазақстан президентінің Ресей Федерациясына жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық мәселесі талқыланды. Мемлекеттер басшылары Мәскеуде өтетін келіссөздер екі елдің стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту тұрғысынан айрықша маңызды екеніне назар аударды. Сонымен қатар әлемдегі қазіргі ахуалдың кейбір аспектілері қарастырылды», — делінген хабарламада.