Қазақстан мен Әзербайжан Бірлескен мәлідеме қабылдап, 15 түрлі құжатқа қол қойды

Автор: Бақыт Шынар

Құжаттар әр саланы қамтиды

Фото: Ақорда

Бүгін Ақордада Қазақстан мен Әзербайжан тарапы 15 түрлі құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Ақорда жазғандай, Тоқаев пен Әлиев бірлескен мәлімдемеге де қол қойған.

«Келіссөз қорытындысы бойынша президенттер Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының арасындағы Стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастар туралы шарттың қол қойылғанына 20 жыл толуына орай Бірлескен мәлімдеме қабылдады», - деп хабарлайды Ақорда.

Жалпы, Әзербайжан Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында энергетика, көлік-логистика, цифрландыру, жасанды интеллект, өнеркәсіп қауіпсіздігі, денсаулық сақтау, статистика салаларындағы және мәдени-гуманитарлық байланыстар бағытындағы ынтымақтастық жөнінде 15 құжатқа қол қойылды.