Тоқаев Ақордада Ильхам Әлиевті салтанатпен қарсы алды

Автор: Бақыт Шынар

Әлиев Қазақстанға кеше келген болатын

Фото: Ақорда

«Ақорда» резиденциясында елімізге мемлекеттік сапармен келген Әзербайжан президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Ақорда жазғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Бұдан соң екі елдің әнұрандары шырқалды.