Астанаға Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев келді (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Тоқаев оны Астана әуежайынан күтіп алған

Фото: Ақорда

Қазақстанға мемлекеттік сапармен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда жазғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды Астана әуежайынан күтіп алды.

Ертең президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысын өткізеді.