Астана соты бес адамды саяси қуғын-сүргін құрбаны деп танудан бас тартты

Автор: Бақыт Шынар

Сот масылдыққа жол бермеуді мақсат тұтқан

Фото: istockphoto.com

Астана соты саяси қуғын-сүргін құрбандары деп тану тәжірибесін тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Астана прокуратурасының ресми сайты хабарлаған.

«Атап айтқанда, биыл 5 азамат сотта өздерін саяси қуғын-сүргін құрбандары ретінде мойындамақ болған. Қалалық сот пен прокуратура бірлесіп, архивтегі құжаттарды зерделеген соң бес адамның репрессияға қатысы жоқ екенін анықтаған», - деп хабарлайды прокуратура.

Сондықтан, сот елорда прокуратурасының өтініші бойынша  оларды саяси қуғын-сүргін құрбаны деп танудан бас тартты.