Тоқаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісін ауыстырды

Автор: Бақыт Шынар

Ол бұрынғы лауазымынан босады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда жазғандай, сонымен қатар ол Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігідегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Исландиядағы және Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерінен босатылды.