Бұл туралы Ақорда хабарлады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты Газа секторындағы көптен күткен бейбітшілікті орнатуда елеулі дипломатиялық жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасай отырып.
Айта кетейік, бүгін Трамп Газа секторында екі жылға созылған соғыс тоқтағанын мәлімдеген еді.
Трамптың айтуынша, Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату режимі сақталады, ал Газа секторында жақын уақытта «Бейбітшілік тақтасы» құрылмақ. Оның сөзіне сенсек, бұл қадам Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақтандырады.