Президент Қазақстанның бірқатар елдегі елшілерін ауыстырды

Автор: Бақыт Шынар

Тоқаев тиісті жарлықтарға қол қойды

Фото: Ақорда

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірқатар елдегі елшілерін тағайындады, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Ақорданың ақпаратына сүйенсек, Тоқаевтың жарлығына сай:

  • Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;
  • Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әнуарбек Серікұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.