«Отан үшін қызмет етуге тиіспіз»: Президент белсенді жастарға алғыс айтты

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол Jasyl El ұйымының белсенділерімен әңгімелесті

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Jasyl El ұйымының белсенділерімен әңгімелесіп, қоғамдық жұмысқа атсалысып жүрген жастарға алғысын білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Бұл — өте қажетті жұмыс. Еліміз бен халқымыз үшін керек іс. Сондықтан Сіздерге табыс тілеймін. Істеріңіз сәтті болсын. Ең алдымен ниетіміз таза болуы керек. Отанымыз үшін қызмет етуге тиіспіз. Jasyl El ұйымының жұмысын қолдаймын. Жұмыстарыңыз өзге жастарға өнеге, олар Сіздерден үлгі алады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ппезидент Астана қаласындағы Ботаникалық саябақта ерікті және белсенді жастармен бірге ағаш еккен еді