Бұл туралы Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Минск қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстарына қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Бектенов сондай-ақ Беларусь Президенті Александр Лукашенконың кездесуіне де қатысқан.
«Кеңесте сауда-экономикалық ынтымақтастық, көлік инфрақұрылымы, агроөнеркәсіп кешені және цифрлық интеграция мәселелері қаралды. Қазақстан Үкімет басшысы өз сөзінде ЕАЭО елдерінің экономикалық әлеуетін арттыруда кооперацияны, транзиттік мүмкіндіктерді және цифрландыруды дамытуға басымдық берді. Олжас Бектенов Қазақстанда жасанды интеллектті дамытуға бағытталған Alem.ai халықаралық орталығы ашылатынын айтып, әріптестерді осы саладағы жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды», - деп хабарлайды үкімет.
Отырыстың қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылып, өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік кооперацияны, цифрлық ынтымақтастықты және ортақ нарықтарға шығу мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейтін шешімдер қабылданды.
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы желтоқсанда Мәскеуде өтеді.