Бүгін екі тарап Ақордада кездескен
Бүгін Ақордада президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды.
Айта кетейік, бүгін Тоқаев Ақордада мәртебелі қонақты қабылдап, әскери саладағы ынтымақтастық мәселелерін талқылаған болатын.