$ 549.06  644.87  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ермек Көшербаев жаңа қызметте бірнеше елдің Сыртқы істер министрлерімен телефон арқылы сөйлесті

Ол шетелдегі әріптестерімен ынтымақтастықтың түрлі бағыттарын талқылады

Ермек Көшербаев жаңа қызметте бірнеше елдің Сыртқы істер министрлерімен телефон арқылы сөйлесті
Фото: ҚР СІМ, Ермек Көшербаев пен Әзербайжанның СІМ басшысы

Жуырда тағайындалған Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев жаңа қызметте Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстан республикаларының Сыртқы істер министрлерімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Келіссөздер осы елдердің бастамасымен өтті. Әзербайжан СІМ басшысы Джейхун Байрамов, Өзбекстан СІМ басшысы Бахтиёр Саидов және Қырғызстан СІМ басшысы Жээнбек Кулубаев қазақстандық әріптесін лауазымға тағайындалуымен құттықтап, жаңа қызметінде табыс тіледі. Ермек Көшербаев жылы лебіздері үшін алғыс білдіріп, әріптестеріне екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін айтты.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен болашағын талқылап, саяси диалогты тереңдету, экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту, су-энергетика және мәдени-гуманитарлық салалардағы іс-қимылды дамытуға назар аударды.

Тараптар жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға дайын екендерін растады. Сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі маңызды мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясында тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екендерін айтқан. 

Министрлер алдағы екіжақты және көпжақты форматтағы іс-шаралар күнтізбесін де қарастырды.

Серіктес жаңалықтары