Ол енді Қор биржасында жұмыс істемейді
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры директорлар кеңесінің құрамы өзгергенін хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгергенін хабарлайды. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның (KASE тикері – SKKZ) жалғыз акционерінің 2025 жылғы 25 қыркүйектегі шешімімен Шарлапаев Қанат қоғамның директорлар кеңесінің құрамынан шықты», - деп хабарланған ресми ақпаратта.
Айта кетейік, өткен аптада президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қанат Шарлапаевты өзінің көмекшісі лауазымынан босатқан еді.