Бұл қызметке Жандос Өмірәлиев келді
Ақордада ауыс-түйіс жалғасып жатыр: Қасым-Жомарт Тоқаев Бас Прокурордың бірінші орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Өмірәлиев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босады», - деп хабарлаған Ақорда.
Ал бұл қызметті атқарған Тимур Тәшімбаев лауазымынан кетті.