Бұл туралы Ақорда хабарлады
Экс-депутат Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда.
Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова 1983 жылы 25 тамызда Ақтөбеде туған.
2000-2004 жж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ) Тарих факультеті, «Тарих» мамандығы бойынша бакалавриат;
2006-2008 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті, «Мәдениеттану» мамандығы бойынша докторантура;
2008-2011 жж. ҚазҰУ докторантурасын «Философия және саясаттану» мамандығы бойынша бітірді. 2012 жылы «Мәдениеттану» мамандығы бойынша PhD дәрежесін алды;
2000-2004 жылдары — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттік өзіндік басқарма төрағасы болды;
2004-2006 жылдары — Алматы Экономика және статистика академиясының Ақтөбе институтының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы болды;
2007-2008 жылдары — Ы. Алтынсарин №159 көпсалалы гимназиясының тарих және құқық пәнінің мұғалімі (Алматы) болды;
2010-2011 жылдары — Қазақ ұлттық аграрлық университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректорының орынбасары, жастар әкімшілігінің төрағасы болды;
2011 ж. — Халықаралық бизнес академиясының студенттермен жұмыс жөніндегі деканы болды;
2011-2012 жылдары — Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бас ғылыми хатшысы болды;
2012-2014 жылдары — «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру саясаты және бағдарламалар департаментінің аға менеджері болды;
2014-2017 жылдары — «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Білім беру саясаты және бағдарламалар департаменті директорының орынбасары болды;
2017-2019 жылдары — «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Даму департаментінің директоры болды;
2019-2021 жылдары — Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» директоры болды;
2023 жылдың 29 наурызынан бастап — «AMANAT» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты болды.