Тоқаев тағы бірқатар ауыс-түйіс жүргізді

Автор: Бақыт Шынар

Ол Ержан Қазыханды БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесіне жіберді

Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ержан Қазыхан Женева қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда жазғандай, ол президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босаған.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Хозеұлы Қазыхан Женева қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды. Ал Ерлан осы лауазымнан босады», - деп хабарлайды Ақорда.