Мен Қазақстанды жақсы көремін, Тоқаев менің жақын досым – Макрон (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Франция президенті қазақ журналисінің сұрағына жауап беріп, ойын айтты

Фото: скриншот

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 80-сессиясына арналған шаралар аясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен сөйлескен Франция президенті «Жібек жолы» телеарнасының журналисі қойған сұраққа жауап беріп, кездесу жайлы ойын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Телеарнаның ресми аккаунты хабарлап отырғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронмен екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйін талқылаған.

«Мен Қазақстанды жақсы көремін, президент Қасым-Жомарт Тоқаев менің жақын досым. Біз өңірдегі ахуалды, негізгі сын-қатерлерді және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты талқыладық. Бұл шынымен тамаша кездесу болды», - деді Э.Макрон Silk Way телеарнасына берген эксклюзив сұхбатында.