Екі тарап ынтымақтастықты жалғастырады
Қазақстан мен АҚШ ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
АЭХА-ның 69-шы Бас конференциясы аясында Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігі (NNSA) Бірлескен мәлімдемеге қол қойды.
Құжатта:
Қазақстандық тарап бұл мәлімдеме елдің бейбіт атомды дамытуға және жаһандық таратпау режимін нығайтуға бейілділігін айқындайтынын атап өтті. Өз кезегінде NNSA өкілдері АҚШ-тың Қазақстанмен әріптестікті жоғары бағалайтынын және ядролық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған жобаларды жалғастыруға мүдделі екенін жеткізді.
Айта кетейік, мұндай Бірлескен мәлімдемелер бұған дейін 2016, 2019, 2020 және 2023 жылдары қабылданған болатын.