Тоқаев Қытайда әскери парадты тамашалады (ФОТО)

Автор: Бақыт Шынар

Әскери парад бүгін Тяньаньмэнь алаңында өтті

Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы және жапон басқыншылығына қарсы күрестегі Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парадты тамашалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Ақорданың мәліметіне сүйенсек, парад бүгін Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңында өткен.

Содан кейін, Қасым-Жомарт Тоқаев парадты тамашалаған мәртебелі меймандардың құрметіне ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің атынан ұйымдастырылған салтанатты қабылдауға қатысты.