Желтоқсанда Британияда мерзімінен бұрын сайлау өтеді

Жарияланған:
29.10.2019, 21:14

Оппозиция өкілдері қазіргі премьер-министр Борис Джонсонның ұсынысын қабылдады 

Фото: bbc.com

Британияда оппозициялық Лейбористер партиясы премьер-министр Борис Джонсонның мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы ұсынысын қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ВВС. Саясаткерлер желтоқсан айына жоспарланған сайлау Британияны Брексит кесірінен туындаған тығырықтан алып шығады деп үміттеніп отыр.

Қауым палатасы сайлау туралы қаулыны енді жариялайды.

«Егер Брекситті келісімсіз жүзеге асыру мәселесі қарастырылмаса, біз сайлауға дайын екенімізді айтқанбыз. Еуроодақтың Брекситті 31 қаңтарға дейін шегергенін естіп, алдағы үш айда да Ұлыбритания Еуроодақтан келісімсіз шықпайды деген үміттеміз», - деді оппозиция өкілдері.

Қауым палатасының сайлауға қатысты отырысы тарысты болады деп күтілуде, себебі конституциялық құқық бойынша Парламент сайлау туралы қаулыны өзгерте алады. Айта кету керек, оппозиция сайлауға дауыс беру жасын 18 жастан 16 жасқа түсіруді, Британияда тұратын Еуроодаққа мүше басқа мемлекеттердің азаматтарына дауыс беруге рұқсат беруді сұрап отыр. Оппозиция бұл миллиондаған адам Брекситке қарсы болғандықтан, өздерін қолдайтынына сенімді. 

Үкімет сайлауды 12-желтоқсанда өткізуді ұсынды, ал оппозиция өкілдері сайлауды ертерек өткізгісі келетінін жеткізді. Айта кету керек, Парламент сайлауға 25 жұмыс күні қалғанда таратылуы тиіс.

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
Өзге де қызықты мақалалар
Елбасы «JP Morgan Chase International» басшысымен кездесті
Қытай АҚШ-тан озып IT- өнімдер отаны атанады
Біреу жүз доллар төледі деген пікір ақылға қонымсыз - Расул Жұмалы рұқсат етілген митинг жайлы

Сұхбат
«Абайдың 45 сұрағына» Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап берді 
Абайдың 45 сұрағына алғаш болып жауап берген - Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов
Бүгінде Кореяда жұмыс істеп жатқан қазақтардың саны артып келеді. Күнкөріс қамымен шетел асып барғандардың көпшілігі визасыз жұмыс істеп жүр.
Бүгін әлемнің бірінші және екінші ракеткалары Новак Джокович пен Рафаэль Надаль Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс Арена» спорт кешінінде үлкен теннистен қайырымдылық матчын өткізеді