Тоқаев Малайзия премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол Малайзияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагим мен оның отандастарын Малайзияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Қазақстан мен Малайзия арасындағы өзара түсіністік пен ортақ құндылықтарға негізделген қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагимнің аса жауапты қызметіне табыс, ал Малайзия халқына құт-береке тіледі», — делінген хабарламада.

Айта кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қырғызстан президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтағанын жазған едік.