Тоқаев Қытайдың Тяньцзинь қаласына барды

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Тяньцзинь қаласына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін «Инбингуань» мемлекеттік резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келіссөз жүргізеді.

Мемлекеттер басшылары қазақ-қытай жан-жақты әрі мәңгі стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасын талқылайды.