Тоқаев ресми сапармен Қырғыз еліне барады

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы Ақорда хабарлады

https://primeminister.kz

Осы аптада президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметіне сүйенсек, ресми сапар 22 тамызға жоспарланған.

«22 тамыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады. Бішкекте мемлекеттер басшылары қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту мақсатында келіссөз жүргізеді», - деп хабарлайды Ақорда. 

Сондай-ақ, Ақорданың мәліметіне сүйенсек, екі президент Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысады.