Тоқаев пен Антониу Гутерриш Алматыдағы БҰҰ өңірлік орталығына барды

Автор: Дәулет Ботагөз

Антониу Гутерриш Қазақстанға Тоқаевтың шақыруымен келген еді

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бас хатшы Антониу Гутерриш Алматы қаласындағы БҰҰ өңірлік орталығына барды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысы мен БҰҰ Бас хатшысы Қазақстан Үкіметі мен Ұйым арасында БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімге қол қою рәсіміне қатысты», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстан Республикасына Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келді. Бүгін мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізді.