Тоқаев БҰҰ конференциясына қатысады

Автор: Дәулет Ботагөз

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысады. Жиын Түрікменстанның Аваза қаласында өтеді. Бұл туралы Ақорда мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«5 тамыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның Аваза қаласында өтетін Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысады», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 3 тамыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстан Республикасына сапармен келеді.