Тоқаев Алжир президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол Алжир мемлекетінің өсіп-өркендей беруіне тілектес екенін жеткізді

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алжир президенті Әбделмәжид Теббунға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. .

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Президент Алжир мемлекетінің өсіп-өркендей беруіне тілектес екенін жеткізді. Сондай-ақ Қазақстан мен Алжир арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген серіктестік екі ел халықтарының игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдірді», – делінген хабарламада.