Бұған дейін ол Қазақстанның Таиландтағы елшісі қызметін атқарған
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 5 шілдедегі Жарлығымен Арман Аскарұлы Исетов ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ақпаратты Ақорда жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының өкімімен Арман Аскарұлы Исетов Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды», – делінген хабарламада.
Арман Исетов 1975 жылы 17 желтоқсанда Қостанай облысында туған. 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық құқық мамандығы бойынша тәмамдаған.
Арман Исетов ҚР Сыртқы істер министрлігінде 1998 жылдан бастап еңбек етіп келеді. Оның мансап жолы келесідей кезеңдерден тұрады:
2022 жылдың сәуірінен бастап 2025 жылдың шілдесіне дейін Арман Исетов Таиланд Корольдігіндегі Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды. 2025 жылдың шілдесінде ҚР СІМ басшысының орынбасары болып бекітілді.