Антикор әзірге бұрынғы режимде жұмыс істейді – ҰҚК

Автор: Нұргүл Абай

Екі күн бұрын Антикор ҰҚК құрамына қосылды

Фото: Антикор

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ҰҚК құрамына қосылуына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

30 маусымда президент жарлығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылу арқылы қайта құрылған болатын. Жаңа ведомство «ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі» деп аталады.

«Осыған байланысты комитет бірқатар ұйымдастырушылық, басқарушылық және практикалық іс-шараларын жүзеге асырып жатыр. Құқықтар мен міндеттемелердің құқықтық мирасқорлығы рәсімдері аяқталғанға дейін қайта ұйымдастырылған ведомство бұрынғы режимде жұмыс істейтін болады», - деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметі.

Тегтер: