Тоқаев үш аптадан кейін жаңа көлік министрін тағайындады

Автор: Нұргүл Абай

Бұрын бұл қызметті Марат Қарабаев атқарған

Фото: Ақорда

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Нұрлан Сауранбаев көлік министрі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының көлік министрі лауазымына тағайындалды», - деп мәлімдеді Ақорда.

Бұған дейін Көлік министрлігін Марат Қарабаев басқарған. 8 маусымда президент оны қызметінен босатқан болатын. Содан бері бұл лауазым бос тұрды.