Сенат депутаттарының сайлауын өткізуге республикалық бюджеттен 254 млн теңгеден аса қаржы бөлінеді

Автор: Azattyq Rýhy

Сайлау 12 тамызда өтеді

Фото: sputniknews.kz

Бүгін Қазақстанның жоғары палатасына сайлау күнін тағайындау жөніндегі президент жарлығы шықты. Жарлыққа сәйкес, Сенат депутаттарының сайлауы 12 тамызда өтеді. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина Сенат депутаттарының сайлауын өткізуге республикалық бюджеттен қанша қаражат бөлінетінін айтып берді.

«Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын өткізуге республикалық бюджеттен Орталық сайлау комиссиясы 254,5 миллион теңге бөлінді», - деді Сабила Мұстафина брифингте.

ОСК мүшесінің айтуынша, аталған қаражат сайлау комиссиясының жұмысын ұйымдастыруға, мәслихат депутаттарының әртүрлі іссапары мен жүріп-тұруына, баспа қызметіне, сайлау компаниясына жұмысына қажетті заттарды алуға, сайлау учаскелерінің безендірулуіне, БАҚ-та жарияланатын мақалаларға төлеу сияқты басқа да жұмыстар үшін жұмсалмақ.