Марат Ақметжанов Зерендідегі спорт кешенінің ашылуына барған екен
Ақмола облысының әкімі, бұрынғы ішкі ішкі істер министрі Марат Ахметжанов журналистердің алдында турникке тартылып, күшін көрсеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның видеосы Көкшетаудың жаңалықтарын тарататын «Найза Көкше» палблигінде жарияланған. Дереккөзге сүйенсек, облыс әкімі Бас прокурор Берік Асыловпен бірге шетелге заңсыз шыққан активтердің есебінен салынған спорт кешенін ашуға барған көрінеді.
Зерендідегі спорт кешенінің ішін аралаған кезде генерал шені бар Марат Ахметжанов өзінің әлі жақсы формада екенін көрсету үшін турникке тартылған екен.
Журналистер мен жанындағы кісілер оның сегіз рет тартылғанын санаған.