Тоқаев Еуразиялық экономикалық форумға қатысу үшін Беларуське жетті

Автор: Нұргүл Абай

Президент бірнеше іс-шараға қатысады

Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Минск қаласына ұшып келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың ақпаратынша, мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына және Еуразиялық экономикалық форумға қатысады.

Еуразиялық экономикалық форум мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы 26-27 маусым күндері өтеді.