Президент бұл қалада бірнеше шараға қатысады
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ертең, 26 маусым күні Еуразиялық экономикалық форумға қатысу үшін Беларусь астанасы Минск қаласына барады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Дереккөзге сүйенсек, форум мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы 26-27 маусым күндері өтеді.
«26-27 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық форумға және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Минск қаласына барады», - деп хабарлады Ақорда.