Мәжіліс спикері өкімге қол қойды
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мәжіліс пен Сенаттың бірлескен отырысы жұма күнге жоспарланған.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2025 жылғы 27 маусымда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын», – делінген өкім мәтінінде.