Тоқаев Астанадағы «Дәулет» теннис орталығына барды

Автор: Бақыт Шынар

Президенттің жанында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек еріп жүр

Фото: Ақорда

Бүгін Астанадағы бірқатар нысандарды аралап жүрген президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Дәулет» теннис орталығының қызметімен танысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда жазғандай, кешенде 600 бала, олардың ішінде 85 оқушы бюджет есебінен жаттығады. Сондай-ақ мұнда 57 спорттық-сауықтыру тобы жұмыс істейді.

«Дәулет» орталығы – елордадағы балалар ең көп баратын, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар спортшыларды да қамтитын әлеуметтік-спорттық нысандардың бірі.

Биыл мамыр айында орталық базасында Азия құрлығында алғаш рет Virtus World Tennis Championship 2025 – ақыл-ой кемістігі бар спортшылар арасында теннистен әлем біріншілігі өтті.