Тоқаев екінші саммитке келген елдердің президенттерімен суретке түсті
Астанада екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасай отырып.
Қасым-Жомарт Тоқаев екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын қарсы алып, олармен суретке түсті.
Саммитке ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмондар қатысып жатыр.