Президент оны «Отан» орденімен марапаттады
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев экс-депутат Қуаныш Сұлтановты «Отан» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорда жазғандай, президенттің бұл Жарлығы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.
«Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтанов «Отан» орденімен наградталсын. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді», - деп хабарлайды Ақорда.
Айта кетейік, бүгін, яғни, 12 мамыр күні Қуаныш Сұлтанов 80 жасқа толып отыр.