Тоқаев Вьетнамнан келген құрметті қонақ пен оның әйеліне шапан жапты (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Саясаткер Астанаға Қазақстан президентінің шақыруымен келген

Фото: БОРТ №1/t.me

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам мен оның әйеліне шапан кигізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, бүгін екі тарап Ақордада келіссөз өткізіп, екі ел арасындағы тауар айналымды 2 млрд долларға жеткізуге ниетті екендерін мәлім еткен еді.

Сондай-ақ, олар Вьетнамның ең жоғарғы әскери наградасын алған қазақ генералы туралы сөйлескен болатын.