Астанаға келген Вьетнам басшысы Тоқаевтың асқан қонақжайлығына риза болды

Автор: Алмас Ерсін

Сапар аясында бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Ламды қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан мен Вьетнам басшылары елорда әуежайында аз-кем әңгімелесті.

«Сіздің еліңізге жасаған сапардан үлкен әсермен оралдым. Вьетнаммен түрлі бағыттағы байланысты жан-жақты нығайту тұрғысынан жұмысты жалғастыру қажет деген ойға келдім. Екі ел ынтымақтастығының әлеуеті мол», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ал Вьетнам басшысы ұшақ трапынан қарсы алғаны үшін мемлекет басшысына шынайы ризашылығын білдірді.

«Бұл асқан қонақжайлылықтың және бізге көрсетілген құрметтің белгісі. Қазақстан мен Вьетнамды тамыры терең достық қарым-қатынас байланыстырады», - деп атап өтті То Лам.

Сапар аясында шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді. Сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.